Самар-Күршім арасындағы техникалық көпір ашылды
Бұл жұмыс көпірі негізгі көпірдің құрылысына қажетті заттарды тасымалдауға арналған
Техникалық көпірдің ашылуына ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұқтырма су қоймасының Самар мен Күршім жағалауларынан бастап салынып жатқан техникалық жұмыс көпірінің құрылысы аяқталды. Ал негізгі көпірдің ашылуы 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланған.
2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бұтырма су қоймасы үстінен көпір салу туралы бұйырқ берген болатын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталды. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасып жатыр. Келер жылы қысқа таман негізгі көпір құрылысы толық аяқталып, халық игілігіне беріледі деген үміттеміз. Бүгін техникалық көпір ашылды. Бұл құрылыс жұмыстарын жылдамдата түседі, - деді ШҚО әкімі Ермек Беделбайұлы.
Құрылыстың басында жүрген мамандар материалдардың, жұмыс күшінің жеткілікті екенін айтады.
Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Самар аудандары мен Өскемен халқы бұл көпірді асыға күтуде. Өйткені қазір бір жағадан екінші жағаға пароммен жетуге 40 минут уақыт кетеді. Оның үстіне кезек күту, сонымен бір жарым сағаттай уақытты алуы мүмкін. Ал көпір уақытты үнемдемек. Сонымен қатар, көпірмен қатынау қауіпсіз, - деп атап өтті облыс әкімі.
Айта кетейік, бұл Қазақстандағы ең ұзын көпір болмақ. Ұзындығы - 1 км 316 метр деп жоспарланған.
Күршім мен Самар аудандарының тұрғындары осы көпірді 50 жылдан астам уақыт күтті. Бүгінгі техникалық көпірдің ашылуы көңілге медеу. Үлкен көпірдің құрылысы жылдам аяқталады деп сенеміз, - дейді Самар ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұртас Есенов.