Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүргізіле бастады

Көшкін қаупі бар аумақтарда профилактикалық жаралыс жүргізіліп, қауіпті қар массасы алдын ала түсіріледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүргізіле бастады
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

"Қазселденқорғау" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, беткейлердегі қар қалыңдығы 50-70 см жеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осыған байланысты мамандар шұғыл алдын алу шараларын жүргізді. "Өскемен-Тарғын–Самар", "Өскемен-Алтай" автожолдарында күн сайын көлік ағыны жүзге жетеді. ШҚО ТЖД деректері бойынша 8 жарылыс нәтижесінде 12 900 м3 қар түсірілді.

Қар жамылғысының түсуі, шаңғышылардың қар беткейін кесіп тастауы, қатты айқайлау, беткейлерден сырғанау қар көшкінін тудыруы мүмкін. Қар көшкінін болжау әдістері қар-метеорологиялық сипаттамалардың ағымдағы және болжамды мәндерін сыни мәндермен салыстыруға негізделген. Облыста қар көшкіні қаупі туралы, дауыл туралы ескерту жарияланды. Уақтылы әрекет ету үшін біз алдын алу шараларын ұйымдастырдық және қауіпті қар массаларын түсірдік, - деп атап өтті "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбеков.

Қауіпті учаскелерде бақылау көшкін қаупі кезеңнің соңына дейін жүзеге асырылатын болады.

ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы ұсынады:

  • Жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріңіз. Ауа райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады;
  • Тауларға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды;
  • Жалғыз және қараңғы уақытта серуендеуге бармаңыз;
  • Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Следующая →