Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери қызметкерлердің балаларына мереке сыйлады

Әскери бөлімде өткен жаңажылдық шараға 70-ке жуық бала қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскери қызметкерлердің балаларына мереке сыйлады
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Жаңа жыл қарсаңында Өскемен гарнизонына қарасты №27943 әскери бөлімінің командирі балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.

Игі дәстүрге айналған биылғы шараға әскери қызметшілердің 6-14 жас аралығындағы 70-ке жуық баласы қатысты.

Балаларды жаңа жыл мерекесімен №27943 әскери бөлімінің командирі құттықтады. Азамат Абикенов балаларға сабақтарын жақсы оқып, барлық арман-тілектері орындалуына тілектестістігін білдірді.

№27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің балаларына Жаңа жыл кешін ұйымдастырдық. Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Барша қазақстандық балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жас ұрпақ зерделі де зерек, білімді де білікті болсын, - деді бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

Биыл "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты шарада балалар жаңа жылдық ғажайыптар әлеміне саяхат жасап, әйгілі мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлерімен кездесті. Шырша мерекесіне сиқыршылар, Алтын адам, Батыр, Алладин сияқты ертегілер әлемінің басқа да кейіпкерлері жиналды. Аяз ата мен Ақшақар балғындарға викториналық ойында сұрақтар қойып, би жарысын ұйымдастырды. Ал қуаныштан жүздері балбұл жанған балалар Аяз атамен бірге шыршаны айнала дөңгеленіп билей жөнелді.

Бұл мерекені балалар асыға күткенін Аяз ата мен Ақшақарға соғылған қошеметтен көруге болады. Жиналған жұрт Ақшақармен бірге ән салып, би биледі. Ал Аяз ата көпшілікке сыйлықтарын таратып, базарлықтар үлестірді.

Следующая →