Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 600-ге жуық заңсыз пиротехника тәркіленді

ШҚО ТЖД мен полиция пиротехника сатушылардың лицензияларын тексерді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 600-ге жуық заңсыз пиротехника тәркіленді
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

ШҚО-да заңсыз пиротехника сату орындарын анықтау мақсатында 60-қа жуық рейд жүргізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Өңірде 43 рейдтік топ құрылды, олардың жұмыстарының нәтижелері бойынша 559 дана контрафактілік өнім тәркіленіп, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 196-бабы 1-бөлігі бойынша 13 хаттама толтырылған. Өскемен, Алтай, Ридерр қалаларында, Күршім, Зайсан, Шемонаиха, Катонқарағай, Глубокое және Тарбағатай аудандарында заңсыз сауда нүктелері анықталды.

Пиротехникалық заттар тікелей күн сәулесі мен жауын-шашын тимейтін, өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін дүкендерде, павильондарда және дүңгіршектерде орналасуы керек. Бұл орындар қажет болған жағдайда адамдарды эвакуациялауға, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуге кедергі келтірмеуі тиіс, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде лицензиясы бар 4 заңды тұлға тіркелген. Олардың екеуі Өскеменде: 1. "Ұлан" ЖШС (Виноградов к-сі №17а "Дос-Нар" СҮ; Бажов к-сі 331/1 "Самал" СҮ; Шәкәрім к-сі 162 А "Ворошилов" базары; Шоссейный к-сі 26/10 "Светофор" СҮ); 2. "СТиК" ЖШС (Сәтпаев даңғылы №76/2 "METRO" СҮ; Жібек жолы көшесі, 1; "Магнум" СҮ және Бажов көшесі №110 "АДК" СҮ). Екеуі Алтай қаласында: "Алтай Салют" ЖШС (Первомайская көшесі №23/2); "Алтай Уют" ЖШС (Геологиялық көшесі, 42).

Пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс және лицензиясы мен рұқсаты жоқ адамдардың ашық сөрелерден, автокөліктерден, шатырлардан, қолда және өткелдерден сатуына қатаң тыйым салынады.

ШҚО ТЖД отшашулар сатып алғанда мыналарға назар аудару қажет екенін еске салады:

• Өнімнің сертификатталғанын көру үшін пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу қажет. • Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер тауар мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. • Қаптама бүтін болуы керек, жыртылмауы керек. • Ғимараттар мен пәтерлерде отшашуды жақпаңыз. • Тұрақта тұрған автомобильдер мен ғимараттардың жанында салюттерді атуға болмайды. • Отшашу орнынан 50 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. • Балаларға петардаларды атуға қатаң тыйым салынады.

Следующая →