"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қолбасшы тағайындалды
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына генерал-майор Арман Жұмағалиев тағайындалды
Жаңа қолбасшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Арман Мақсотұлы баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын курсант пен лейтенанттан генерал-майорға дейін, взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейін жүріп өткен білікті офицер. Арман Мақсотұлы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік-қызметтік тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін, - деді Еркін Советбекұлы.
Генерал-майор Арман Жұмағалиев бұған дейін ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен.