ҚР Президенті Қатар Әміріне жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Бүгінде еліңіз экономикасы қарқынды дамыған, өңірлік және жаһандық тұрғыдан кеңінен мойындалған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Әсіресе, Сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан бітімгерлік бастамалар мен әлемдік деңгейдегі шаралар осыған дәлел бола алады. Осы тұста Сіздің сындарлы көшбасшылығыңызбен еліңіз алдағы уақытта да өркендеп, мақсат-мұраттарға жете беретініне сенімдімін. Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналып, сындарлы да мазмұнды қатынастарымыздың нығая түскенін ерекше атап өтемін. Болашақта дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастығымыз жалғасын тауып, халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына бақ-береке тіледі.