Өскемен ХҚКО-лары алғаш жеке куәлік алғандарды қуантты
ХҚКО қызметкерлері Тәуелсіздік күніне қарсаңында жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге "Қазақстан" шоколады мен кәдесый жалауларын сыйлады
Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге "Қазақстан" шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті.
Қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады. Айта кетейік жыл басынан бері қала бойынша 25 мыңға жуық ең алғашқы жеке куәлік табысталған.
Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды қуантқымыз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз, – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.