Өскеменде есірткіге мас күйінде трактор тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Оның үстіне ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны да анықталды
Осы әрекеті үшін бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
ШҚО полицейлері қала көшелерін патрульдеу барысында Өскемен көшелерінің бірінде 27 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "МТЗ 82" маркалы тракторын тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Алайда оған қарамастан қайтадан масаң күйде көлік жүргізген, - делінген хабарламада. - Осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.