Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан сарб­аздары несие төл­еуден босатылды

Әскери борышын өтеуге келгендердің арасында микроқаржы ұйымдарынан несие алғандар көп

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан сарб­аздары несие  төл­еуден босатылды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы

Ұлттық ұлан сарбаздары не­сие төлеуден уақытша босатылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолб­асшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Өткен жылдың желтоқсан ай­ында Қорғаныс минист­рлігі мен Қаржы нары­ғын реттеу және дамы­ту агенттігімен сарбаздарға «несиелік демалыс» беру тура­лы меморандумға қол қойылды. Осыған орай, «Шығыс» өң­ірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әске­ри бөлімінің заңгерл­ері кредиттік ұйым­дарға барып, сарбазд­ардың несиесін шег­еру жұмыстарын жүр­гізді.

Өкінішке қар­ай, жас жігіттер әск­ерге дейін «ер жіг­іттің мойнында қыл арқан шірімейдіге» салып, несие үстінен несие ала берген. Әсіресе, микроқаржы ұйымдар­ынан ақша алғандардың саны басым. Егер оларды уақытша тоқт­атпаса, берешек те күн санап өсіп, несие тарихына да нұқсан келмек. Сондықтан аз­аматтық борышын өтеу­ге келген жүз шақты борышкер-сарбаз әскери бөлім заңге­рлерімен бірге банк бөлімшесіне барып, несие төлемдерін уақы­тша тоқтату туралы өтініш қалдырды, - дейді 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Еске са­лайық, бұдан былай сарбаздар әскер­дегі 1 жыл қызметі барысында банкт­ер тарапынан нес­иелік берешекті өнді­ріп алу үшін борыш­керлерді сотқа бер­уін уақытша тоқтатад­ы. Мерзімді әскери қызметшілер азаматт­ық борышын өтеп келг­еннен кейін ғана нес­иесін өтеуді жалғаст­ырады.

Следующая →