Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге көкөністі қымбатқа сатқан делдалдар анықталды

ШҚО-да ерекше балаларға арналған орталық сәбіз бен қырыққабатты екі есе қымбат бағаға алып отырған

Усть-Каменогорск и ВКО / Балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге көкөністі қымбатқа сатқан делдалдар анықталды
Фото:
Устинка LIVE

Бұндай жағдай ШҚО мен СҚО-да тіркеліп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ҚМА ақпаратына сүйеніп.

Балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілгені турлы фактілерді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері еліміздің екі облысында анықтады.

Мәселен, ШҚО-да "Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы" КММ 1 кг сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген. ҚМА өңірлік Департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөністердің бағасы 2 еседен астам бағаға төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін), - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, СҚО-да жеке кәсіпкер аудандық балабақшаларға көкөніс сататын 50 млн теңгеден астам сомаға бизнес ұйымдастырған.

Картоп бір кг үшін 250 теңгеден жеткізілген, ал оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ға арзан болған (141 теңгеден).

Бұл келесі жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.

Әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауы керек екенін еске саламыз.

Следующая →