Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +32°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +31°
  • Көкшетау
    +27°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +30°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +36°
$
465.52
+1.75
498.2
+2.71
¥
64.05
+0.23
5.45
+0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Пластик бөтелкені арнайы аппаратқа өткізіп, бонустар жинауға болады

Өскеменнің көшелерінде қайта өңделетін материалдарды қабылдайтын арнайы автоматтар - фандоматтар бар

Усть-Каменогорск и ВКО / Пластик бөтелкені арнайы аппаратқа өткізіп, бонустар жинауға болады
Фото:
А. Утеулинованікі

Ол автоматтарға бөтелкелер мен алюминий банкілерді өткізіп қана қоймай, осы арқылы бонус жинауға да болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қалдықтарды кәдеге жарату - қазіргі әлемдегі ең жаһандық экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. Күн сайын қоршаған ортаға түсетін мыңдаған түрлі қоқыс алдағы жүздеген жылдар бойы оны ластап жатады. Мәселен, тамақ немесе көкөніс қалдықтары қысқа уақыт ішінде ыдырап кетсе, шыны, пластик, алюминий және резеңке жүздеген жылдар бойы жойылмай, өзгеріссіз жата береді. Осылайша Жер шарын үлкен қоқыс үйіндісіне айналдырады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл мәселені орынды тұтыну, қалдықтарды сұрыптау және кейіннен қайта өңделетін материалдарды пайдалану арқылы шешуге болады. Оған әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз. Мәселен, пайдаланылған пластик ыдыстарды, картон, банкаларды сұрыптап, оны арнайы қабылдау орындарына өткізіп және қаланың әр бұрышында орналасқан арнайы қоқыс жәшіктеріне тастауымыз қажет. Сонымен қатар, фандоматтарға да өткізуге болады.

Әзірге Өскемен қаласы бойынша 5 фандомат бар. Алдағы уақытта бүкіл қала бойынша жалпы 10 фандомат болады. Пластик бөтелкелерді фандоматтарға өткізе отырып, экобонустар жинауға болады. Бұл экобонустарды дүкендерде, танымал онлайн-платформаларда жазылым кезінде және экоманикюрге жеңілдіктерге айырбастауға болады, - деп түсіндірді экобелсенді Людмила Евженкова. – Ол үшін алдымен App Store немесе Google Play-ден Sparklo қосымшасын жүктеп алып, тіркелу қажет. Кейін бөтелкені ыдыс қабылдайтын барабанына салып, өзіңіз тіркеген телефон нөміріңізді енгізсеңіз, сізге бонустар беріледі. Сондай-ақ, автомат пластикті «бонуссыз қабылдау» тетігі арқылы да қабылдай береді. Ең бастысы бұл бөтелке көшеде қалмай, қайта өңдеу орнына жөнелтіледі.

WhatsApp Image 2023-12-08 at 15.02.25 (1).jpeg

Фандомат екі сегменттен тұрады: үстіңгі - сенсорлы дисплей және контейнерлерді қабылдауға арналған барабан. Төменгі бөлікте қайта өңделетін материалдарды жинауға арналған мөшек бар. Фандомат толып қалса, техникалық бөлімге белгі түседі. Құрылғыға фандоматтар тұрған сауда үйі немесе мекемелердің техникалық қызметкерлері қызмет көрсетеді, - дейді "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС директорының орынбасары Еркін Байболов.

Бірақ фандоматтар кейде уақтылы босатылмай қалады. Кейде жәшік тым жылдам — бір сағат ішінде толып қалатын жағдайлар болады. Яғни, бұл мәселенің адамдардың санасына жеткенінің дәлелі. Қалдықты жақын тұрған қоқыс жәшігіне лақтыра салмай, оның өңдеуден өтіп, қайта пайдаланылғанын ұққан.

Айта кетейік, фандоматтар қаладағы халық көп жиналатын орындарда орналасқан. 

Еске сала кетейік, Өскеменде де қайталама шикізатты қабылдайтын пункттер бар (ПЭТ-ыдыс, алюминий банкі, макулатура и картон). Олар келесі мекенжайларда орналасқан:

  • Якутская көш., (Виноградов, 25-үйдің жанында);
  • Абай даңғ., 2/3;
  • Геологический көш., 2;
  • Буров көш., 49;
  • Шаяхметов және Вешний көшелерінің қиылысы (Согра ш/а);
  • Энтузиастар көшесі, "Yміт" балалар үйіне қарай.

Следующая →