Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ТЖД мамандарына енді ерікті студенттер көмектеседі

Еріктілер күні аясында ШҚО ТЖД мен жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ТЖД мамандарына енді ерікті студенттер көмектеседі
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Құтқарушыларға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті және Қазақстан-Америка Еркін университетінің студенттері көмекке келмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ең алдымен ШҚО ТЖД мамандары студенттерге өрт қауіпсіздігі ережелерін, су айдындарында, жер сілкінісі кезінде, туристік жорықтардағы төтенше жағдайлар кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйретеді. Болашақта студенттер құтқарушыларға халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға белсенді түрде көмек көрсететін болады. Өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектесетін профилактикалық рейдтерге, акцияларға, жаттығуларға қатысады.

Сонымен қатар, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайтын боламыз. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында көшкін белсенділігін зерттеумен ШҚТУ айналысуда. ШҚТУ базасында мониторингтің автоматты жүйесін әзірлеу беткейлердегі қардың жай-күйі туралы деректерді жинауға және оларды талдауға, қар көшкінінің ықтимал түсуі туралы уақтылы хабарлауға, адамдар мен көліктердің қозғалысын шектеу және қар көшкінін профилактикалық түсіру бойынша алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды жоба, өйткені өңірде 400-ге жуық көшкін қаупі бар учаскелер бар. Қорытынды өнім біздің Департаментке қауіптерді алдын ала анықтауға айтарлықтай көмектеседі, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД ЖОО Меморандум