ШҚО-дағы хостелдер жаппай тексерілуде
ШҚО ТЖ департаментінің мамандары өңірдегі хостелдердегі өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалауда
Азаматтық қорғау органдары хостелдерді пайдалануға рұқсат беруге қатыспайды. Олар тек мораторийге байланысты алдын алу шараларын жүргізе алады, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Хостелдер мен жатақханаларда көбінесе электр жабдықтан дұрыс пайдаланбау, эвакуация жолдарының жабық болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болмауы сияқты қауіпсіздік шаралары бұзылады.
ШҚО ТЖД хостелдерде, жатақханаларда мына ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді:
- өрт автоматикасының, өрт кезінде хабарлау жүйесінің тұрақты жұмыс жағдайында болуын қадағалау
- эвакуациялық шығу жолдарында кедергі болмауы керек
- өртке қарсы сумен жабдықтаудың тиісті жай-күйін қамтамасыз ету
- өрт сөндіру құралдарының болуы
- ғимараттардың жертөлесінде адамдардың тұруына арналған үй-жайларды орналастыруға жол бермеу
- бөлмелерде немесе қабаттарда темекі шегуге жол бермеу
- электр қондырғылары мен аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау
- өрт туындаған жағдайда "112", "101"телефондары бойынша дереу хабарлау қажет.