Қазақ мемлекеті белгіленген әлем карталарының көрмесі Өскеменде әлі де жалғасуда
Көне карталар экспозициясы облыс орталығындағы бұрынғы драма театрға қойылған
Қала тұрғындары күнделікті 09.00-ден 18.00-ге дейін келіп тамашалай алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көрмеге 16-17-ші ғасырдың аралығында жасалған картографиялық көшірмелер қойылды.
Карталарды жинап, көрмені ұйымдастырған - Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің заманауи зерттеулер институтының директоры ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров екенін еске сала кетейік.
Бұл көрмеде кезінде Еуропа ғалымдары мен дипломаттары, саяхатшылары тіркеп, жазып алған қазақ мемлекеттілігінің картографиялық артефактілерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл артефактілер Еуропа, Америка, Таяу Шығыс елдерінің ұлттық кітапханаларында, мұражайлары мен мұрағаттарында сақталып келген.
Облыс орталығының тұрғындарына көрме алғаш рет Республика күні көрсетілген.
Айта кетейік, ескі драма театр Тоқтаров 47а мекенжайында орналасқан.