Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде антқа адал әскери әулет тұрады

Неуступкиндер әскери династиясының үшінші буыны бүгінде әулеттің адал қызметін жалғастырып келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде антқа адал әскери әулет тұрады
Фото:
Д. Неуступкиннің жеке мұрағатынан

Дана халқымызда "Тәрбие – тал бесіктен" деген сөз бекерге айтылмаған. Кең ұғымы, терең мағынасы бар осы бір сөз айналамыздан өнегелі отбасын, үлгілі жандарды көргенде еріксіз ойға оралады.

Өзіміз көріп, біліп жүргендей ортамызда белгілі бір кәсіпті әулетімен меңгеріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып жүрген жанұялар бар. Әрине аталған әулет тарихына үңілсек, жанұяның бір мүшесі белгілі бір кәсіпті меңгеретін тұлға болса, тиісінше оның ізін балалары жалғастырып жатады. Мұның барлығы бара-бара тектілікке айналады.

Мәселен, Өскеменде әскери салада адал қызмет етіп келе жатқан Неуступкиндер әулеті бар. Әскерилер династиясының үшінші буынын бүгінде Неуступкин Дмитрий Сергеевич жалғастырып келеді.

Ол 1992 жылдың 18 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында әскерилердің жанұясында дүниеге келген. Нақтырақ айтсақ, Дмитрий Сергеевичтің әкесі, атасы, әжесі де әскери салада қызмет еткен азаматтар. Әулеттің еңбек жолын бүгінгі күні балалары мен немерелі жалғастыруда.

Әулетімізде ата-әжем, әкем, анамның бауырлары әскери қызметшілер. Әкем Неуступкин Сергей Владимирович 1974 жылы 24 мамырда Өзбекстанның Ташкент қаласында дүниеге келген. Анам Неуступкина Татьяна Анатольевна 1973 жылы 13 ақпанда Өскемен қаласында туған. Отбасында екі баламыз, Екатерина есімді қарындасым бар, - дейді кіші сержант Дмитрий Неуступкин.

imgonline-com-ua-Resize-OlafADtQlQsu7NwV.jpg

Әкесі Сергей Владимирович 1993 жылдары ҚР ҚК №07792 әскери бөлімінің әскери оркестрінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 1994 жылдың мамыр айында отбасылық жағдайларға байланысты №6638 әскери бөліміне ауыстырылады. Сол әскери бөлімде келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге қалады. Кейін №5518 әскери бөліміне ауыстырылып, 2021 жылдың маусым айына дейін қызмет етеді. 2021 жылы зейнет жасында запасқа шығарылды.

Атам Неуступкин Анатолий Михайлович 1970-1985 жылдар аралығында ҮМЗ-де №8 өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткен. Әжем Неуступкина Надежда Петровна 1973-1989 жылдар аралығында ҮМЗ-де №8 өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткен. Тағы бір айта кетсем, анамның бауыры әскери қызметте. Яғни, әкем жағынан да, анам жағынан да әскери қызметшілер қатарында, - дейді Дмитрий Сергеевич.

imgonline-com-ua-Resize-DLeSo8Lvn3jEzj.jpg       imgonline-com-ua-Resize-GRFx45zCgE72w2E8.jpg

Дмитрийдің әскери қызметті таңдауға жанұясы бірден-бір себепкер екені анық.

Кішкентайымнан жақындарым, туғандарым әскери киім киіп жүретін. Әсіресе әкеме қарап қызығатынмын. Әр отбасында және әр баланың өмірінде әкенің ізі елеулі, орны дара. Мен әкемді әрдайым мақтан тұтамын. Сол кездер, балалық шағым әлі есімде. Ол кісінің әскери киіммен жүргенін көріп, әскери адам болуды армандайтынмын. Менің де әскери киім киіп, әскери жұмыс істегім келетін, - деп еске алады кіші сержант.

Бүгінде бала Дмитрийдің арманы орындалған. Алдына мақсат қойып, арманына жету жолында еңбектенуден танбаған.

Мен 1999 жылы Өскемен қаласындағы №9 мектепке 1-сыныпқа бардым. Мектепті тәмамдағаннан кейін Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-ға оқуға түстім. Оқу ордасын 2014 жылы "Психология" мамандығы бойынша тәмамдадым. 2016 жылы әскер қатарына шақырту алдым. Алматы қаласындағы №5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметті өткеріп келіп, 2017 жылы Өскемендегі №3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруға шешім қабылдадым. Сол жылдардан бері әр түрлі лауазымда қызмет атқарып келемін. Бүгінгі күні №3477 әскери бөлімінің басқармасында жауынгерлік даярлық жөніндегі аға маман болып қызмет атқарып жатырмын.

Дмитрий өз балаларының да ата жолын жалғастырғанын қалайды.

Балаларым да әскери қызметпен айналысамыз десе, тек қуанамын. Зайыбым Неуступкина Яна Валерьевна білім саласында қызмет етеді. Ол қиыншылығы мен жауапкершілігі мол менің жұмысыма түсіністікпен қарайды. Әрдайым бір-бірімізді қолдап отырамыз, - дейді Дмитрий Неуступкин. - Болашақта балаларымызды елге қызмет ететін, өз елінің патриоты болатындай етіп тәрбиелеу азаматтық парызымыз деп білемін. Істеген ісімізбен, көрсеткен өнегемізбен болашақ ұрпағымызға тәрбие бере алсақ, бала алдында әкелік парызымыз өтелгені шығар. Әр әке өз баласының алдында батыр болуы керек.

imgonline-com-ua-Resize-HJRbYoeTCJ.jpg

Следующая →