Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизонының жас сарбаздары ант берді

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы №27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген 300-ден астам сарбаз ант берді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизонының жас сарбаздары ант берді
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Қарулы күштердің қатарына іліккен бозбалалар көпшілік алдында ел қорғауға әзір екендіктерін салтанатты түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Әскерилер үшін мереке саналатын бұл шара баласын әскерге жіберген ата-ана үшін жауапкершілігі мол маңызды күн.

Бұл біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Ұлымыз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған еді. Енді, міне, жиналған қауымның алдында өз елінің қорғаны болуға салтанатты түрде ант берді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дейміз. Балаларымыз аман болсын. Ұлым Аянның темірдей тәртіпке бойы үйреніп қалғанын көріп отырмын. Ант қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылған, - деді қатардағы жауынгер Аян Жандосұлының анасы Қарлығаш Зейнелхан.

Сайдың тасындай сап түзеген сарбаздар мойындарына жүктелген міндеттің салмағын түсінгендей. Оны темірдей тәртіпке ерекше жауапкершілікпен қарағандарынан-ақ байқауға болады. Әскери ант қабылдаған жауынгерлерге бұдан былай босаңсуға болмайды.

Отан алдындағы борышымды өтеуге кіріскелі бір айға жуық уақыт өтті. Осы бір ай ішінде үйренгеніміз көп. Әскери бөлімдегі офицерлер құрамына, командирлеріме бізді әскери саланың қыр-сырымен таныстырып, бар білгенін үйретіп жатқанына алғыс айтамын. Отан алдындағы борышымды алдағы бір жылда абыроймен атқарып шығамын деген сенімдемін, - деді қатардағы жауынгер Арман Қанетов.

Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен өрендер еліміздің 9 өңірінен жиналған. Сарбаздар құрлық әскері сапында ел тыныштығын күзетеді. Әзірге жас сарбаздар әскери дайындықтан өтіп жатыр. Осыдан кейін жауынгерлер жалпы бөлімдерге бөлінеді. Әскери қызметтің машықтарын меңгерген сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеуге тас-түйін дайын. Сарбаз тек офицерлердің пәрменін орындап қана қоймай, жан-жақты, саяси тұрғыдан сауатты, өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Ант қабылдау - ол жай ғана қолыңдағы мәтінді оқып шығу емес. Ол - жауынгердің елінің алдында борышты екенін сезіну сәті. Әскер қатарындағы қызмет - қиыншылықтарға мойымау, өзіңе сеніп тапсырылған мүлікке, жауынгерлік тапсырмаға мұқият болу. Достықты қастерлеу. Әскери істі жауапкершілікпен оқып, үйрену, - деді №27943 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Абикенов.

Следующая →