Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ТЖД дабыл қағуда: 10 адамға иіс тиді

Өңірде көміртегі тотығымен улану жағдайлары жиілеп кетті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ТЖД дабыл қағуда: 10 адамға иіс тиді
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін ескермеудің салдарынан 10 адамға иіс тиген, оның 8-і балалар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Жылыту кезеңі басталғаннан бері ШҚО ТЖД мамандары 100 000-ға жуық үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, пешті жағу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізді.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне қауіпті газды анықтауға арналған 2000-нан астам дабылқаққыш орнатылды.

Соның өзінде жылыту маусымы басталғалы бері 10 адамға иіс тиіп, аураханаға түскен. Оның 8-і балалар.

Бұл төтенше жағдайлардың барлығында негізгі себеп – түтін шығатын мұржалардың уақтылы тазаланбауы, қақпашалардың жабық қалуы, пештегі ақау. Рейдтер кезінде ТЖ қызметінің мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 22 000-нан астам үйді анықтаған, олардың 11 000-ға жуығы пешпен жылытуға байланысты.

Көміртегі тотығының исі мен түсі жоқ, сондықтан ол әсіресе қауіпті. Тыныс алу кезінде ол өкпеден қан айналымы жүйесіне еніп, гемоглобинмен байланысады. Улану орталық жүйке жүйесінің өзгеруінің қайтымсыз салдарына қауіп төндіреді, бұл әсіресе жас балалар үшін қауіпті, - деп ескертеді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин. - Сол үшін де пеш жағу кезінде сақтық шараларын қатаң ескеру керек. Пеш жағатын кезеңде кемінде 3 айда бір рет тазартып отыру қажет. Түтін арналары өтетін пештің құбырлар мен қабырғалары ақаусыз, жарықсыз, сыланған және әктелген болуы тиіс. Ұйықтар алдында кемінде 2 сағат бұрын от жағу тоқтатылуы тиіс. Оттықтардан алынған күл мен қожға су құйып, ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтыққа апарып тастау керек.

Следующая →