Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 200 мыңға жуық адам жүрек ауруларымен есепте тұр

Оның көбі, яғни 150 мыңға жуық адам гиперторнияға шалдыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 200 мыңға жуық адам жүрек ауруларымен есепте тұр
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО бас кардиологы Наталья Полторанина облыстағы жүрек ауруларының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


imgonline-com-ua-Resize-lQfqhrgAt7Ue5.jpg

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда да бүкіл әлемдегідей жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Ағымдағы жылы біздің қызметіміз оң нәтижелер көрсетті. Жоспарлы тексерулер мен зерттеулерді уақтылы жүргізу, науқастардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етілуін бақылау, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кабинеттерінің жұмысының нәтижесінде қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттер ерте анықталып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бойынша өлім-жітім төмендеді. Бүгінде пациенттерге МӘМС жүйесі бойынша тексерулердің кең спектрін ұсыну мүмкіндіктері артты, - дейді ШҚО бас кардиологы Наталья Андреевна.

Маманның сөзіне сүйенсек, өңірде 200 мыңға жуық адам диспансерлік есепте тұр.

150 мыңға жуық адам гипертониямен, бес мыңға жуық адам стенокардия және жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғатын жүректің ишемиялық ауруымен ауырады, - дейді Наталья Андреевна.

Жүрек ауруларына шалдыққан облыс тұрғындары МӘМС аясында барлық қажетті көмекті алуға құқылы.

Сақтандыру қорының көмегімен пациенттер учаскелік дәрігерден білікті кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар тар бейінді мамандардың қабылдауына кіруге, холтер-мониторинг, эхо-кардиография, эхо-кардиография, коронарография, стенттеу сияқты кеңейтілген тексеру кешенін алуға құқылы, - деп атап өтті бас кардиолог. - МӘМС шеңберінде облыста қолқа клапанын ауыстыру, қайта синхрондау құрылғыларын, кардиовертер-дефибрилляторларды имплантациялау бойынша аз инвазивті операциялар қолжетімді. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қордың есебінен қаржыландырылады.

Кардиологиялық дертке шалдықпас үшін алғашқы белгілерді байқағаннан-ақ дәрігерге қаралапы, денсаулыққа баса назар аудару керек.

Жүрек дертін емдеуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы. Гипертония - инфаркт пен инсульттің негізгі себебі. Әрбір жүрек-қан тамырлары ауруы бізге сигналдар беретінін есте ұстаған жөн. Тек өз ағзаңызға көбірек көңіл бөліп, уақытында дәрігермен кеңесу керек, - деп ескертеді Наталья Полторанина.


Следующая →