ШҚО-да ертең бұрқасын, тұман, көктайғақ болады
Облыстың кей өңірінде екпіні 23-28 м/с дейін жел соғуы мүмкін
![Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ертең бұрқасын, тұман, көктайғақ болады Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ертең бұрқасын, тұман, көктайғақ болады](/upload/iblock/e77/ncdvtpnycu7ch6i6bmggicfgitvcnr2x/imgonline_com_ua_Resize_9QiBp6vszzvkBtC.jpg)
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 25 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын - көбінесе қар күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Жолға шығар алдында жол жағдайын "Дәрмен" тегін ұялы қосымшасы арқылы біліп алыңыз. Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйін 26-28-08, облыстық жолдардікін 57-42-52 телефондары арқылы да анықтауға болады.