Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысына 1 млн теңге айыппұл салынды

Аудандағы жергілікті атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша пайдалану бойынша 16 байқауды өткізбеген

Усть-Каменогорск и ВКО / Самар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысына 1 млн теңге айыппұл салынды
Фото:
Устинка LIVE

Жыл басынан бері ШҚО прокуратура органдары құны 690 млн теңге құрайтын 40 мың га 119 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Прокуратурасы ақпаратына сүйеніп.

Оның ішінде жалпы құны 430 млн теңгеден асатын 37 мың га пайдаланылмаған 101 жайылым учаскесі болған.

Аймақтың ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы ерекшеліктерін ескеріп, жер заңнамасының сақталуын қадағалау аумақтық прокуратуралардың тұрақты бақылауында.

Самар ауданының прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп жер заңнамасы нормаларының сақталуына талдау жүргізген. Жергілікті атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша 16 конкурс өткізбегені анықталды, - деп мәлімдеді ШҚО Прокуратурасы. - Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген бұзушылықтар үшін әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 137-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Самар аудандық сотының 2023 жылғы 27 қазандағы қаулысымен оған 1,1 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды (қаулы заңды күшіне енген жоқ).

Азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратураның араласуынан кейін осы жылдың 31 қазанында аудан әкімдігі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарлама жолдады.

Глубокое ауданы прокуратурасының тексеруімен аудан аумағында 42 мың га жайылым мақсатымен пайдаланылмайтыны анықталды. Нәтижесінде, Глубокое ауданы әкімінің атына қадағалау актісі енгізілді, бүгінгі күні мемлекетке жалпы ауданы 600 гектар және құны 4,8 млн теңге құрайтын 10 жер учаскесі қайтарылды.

Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.

Следующая →