Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Облыстың жас балуандары Самар ауданында белдесті

Жасөспірімдер арасында аудан әкімінің жүлдесі үшін еркін күрестен облыстық турнир өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Облыстың жас балуандары Самар ауданында белдесті
Фото:
instagram / samar_news16

Самар ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен турнирге 2011-2013 жылғы жасөспірімдер қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Күш сайысына Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарынан 12 команда келген. Жастар Көкпекті, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Алтай, Самар, Шемонаиха аудандары, Өскемен мен Риддер қалаларынан жиналды.

Жарыстың тартысты өткені соншалық, көрермен боз кілемді айнала қоршап, барынша жанкүйерлік етіп, қолдау көрсетті. Ал жас балуандар ширақ қимылдап, әдіс-тәсілімен қарсыласынан басым түсуге тырысты.

Осы жарыс келешек ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың талабын шыңдайды деген үміттемін. Өйткені жарыс шынымен де тартысты өтті. Жасөспірімдер арасында өтсе де, бір-біріне оңайлықпен берілмеді. Сонымен қатар, көршілес аудан, ауылдардың спортшыларымен достық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік болды. Мақсатымыз – жастарды спортқа баулып, еліміздің намысын қорғайтын азамат тәрбиелеу, – дейді Самар ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жандос Серікұлы.

Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар беріліп, қаржылай жүлде үлестірілді.

Команда бойынша 1-орынға (50 мың теңге) – Зайсан қаласы, 2-орынға (30 мың теңге) – Самар ауданы, 3-орынға (20 мың теңге) Риддер қаласы ие болды.

Следующая →