Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жаңа жылдан бастап ШҚО-дағы пойыз вагондары жаңартылмақ

Өңір тұрғындары "Алматы-Өскемен", "Астана-Өскемен" бағытындағы вагондардың жағдайы мен қызмет сапасына қатысты жиі шағымданады

Усть-Каменогорск и ВКО / Жаңа жылдан бастап ШҚО-дағы пойыз вагондары жаңартылмақ
Фото:
Устинка LIVE

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады деп сендірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен отырыста Нұржан Жұмаділов өңірдегі жолаушылар тасымалдайтын вагондар жаңа жылдан бастап біртіндеп жаңартылатынын айтты. Сондай-ақ, "Өскемен-1 - Алтай" бағытындағы вагондарда панорамалық терезелер пайда болады.

"Өскемен-1 - Алтай" бағытындағы теміржолмен жыл сайын 80 мыңнан астам жолаушы қатынайды. Өңірдің туристік әлеуетін дамыта түсу үшін осы бағыттағы жолаушылар вагондары жаңартылмақ. Келесі жылдан бастап осы бағытта панорамалық вагондарды іске қосу жоспарланудла. Вагондарға панорамалық терезелер, жайлы орындықтар орнатылып, басқа да жағдайлар жасалатын болады, - деп атап өтті Нұржан Жұмаділов.

Сондай-ақ, қазір Шемонаиха ауданы тұрғындарының өтінішімен "Өскемен-1-Шемонаиха" теміржол бағытын іске қосып, субсидиялау мәселесі қаралып жатыр.

Осы орайда айта кетейік, басқарма басшысы темір жол инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде "Өскемен" вокзалын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталғанын айтты. Құжаттар сараптамадан өткен соң, "Қазақстан темір жолы" вокзалды жөндеуге қаражат бөледі. Алдын ала есеп бойынша жөндеу жұмыстарына 480 млн теңге қажет.

Следующая →