ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды
Ол кәсіпкерден аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілікті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ШҚО департаменті мен Прокуратураның бірлесіп жүргізген жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде облыстың Экология департаменті басшысының орынбасары әшкереленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ол ҚР ӘҚБтК-ның 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде, - делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.