Ұлттық ұланда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі желтоқсан айында өтеді
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 50-ден астам жұмыс іздеуші қатысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жиында әскери қызметке қызығушылық танытқандар үшін арнайы сауаланамалар жүргізілді, жұмысқа тұру үшін қандай құжаттың қажеттігі түсіндірілді.
Шара мақсаты - әскери қызметке лайықты тұлғаларды тарту. Жауынгерлік тәртіпке ниеттілермен кеңірек диалог құрып, жұмысқа қабылданушыға қойылатын талаптарға қаншалықты сай екендіктерін анықтау, - дейді №5518 әскери бөлімі штаб бастығының аға көмекшісі аға сержант Серікболат Дәлелханов.
Алексей Дегтяров Абай облысы Үржар ауданының тумасы. Болашағын Өскемен қаласымен сабақтастырғысы келген азамат алғашында жиһаз цехінде жұмыс істепті. Алайда жалақысы аз әрі тұрақсыз болғандықтан ол жұмысынан шығып кеткен. Алдағы уақытта өзін Ұлттық ұлан қатарынан көргісі келеді.
Мұнда ең бастысы жалақы тұрақты, сондай-ақ түрлі сыйақылар қарастырылған. Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері беріледі. Сондай-ақ, жеке баспанасы жоқ қызметкерлер үшін әр түрлі әскери бағдарламалар бар екен, – дейді қала тұрғыны Алексей Дегтяров.
Алексей алдағы уақытта №3477 әскери бөлімінде қызмет атқарамын деп жоспарлап отыр.
Еске салайық, бос орындар жәрмеңкесі желтоқсан айында жалғасын таппақ.