Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әлсіздерге күш көрсетіп, ақша бопсалап жүрген азамат ұсталды

Ол тұрғындардың бірін қарумен қорқытып, құжатын тартып алған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әлсіздерге күш көрсетіп, ақша бопсалап жүрген азамат ұсталды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

ҰҚҚКБ қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері 21 жастағы азаматтан 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалау фактісін анықтаған.

Хабарлама келіп түскеннен кейін полицейлер дереу тексеруге кірісті. Барлық жедел-іздестіру іс-шара кешенін өткізгеннен кейін, ақшалай қаражатты алу кезінде Назарбаев даңғылындағы аулалардың бірінде қылмыс жасаған 20 жастағы күдікті ұсталды. Оқиға орнында тәртіп сақшылары оның заңсыз әрекетін растайтын заттай айғақтар – ақшаны тәркіледі, - делінген хабарламада.

Бопсалаушы жәбірленушімен бірнеше рет кездесіп, күш көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақшаны аударуын талап еткен және оның жеке куәлігін алып кеткені белгілі болды. Кейіннен жедел уәкілдер қаруды қаскөйдің туыстарының бірінен тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясымен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Следующая →