Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да екі күнде жеті рет жер үйден өрт шыққан

18-20 қараша аралығында облыстың әр өңірінде  жеке тұрғын үй секторында 7 өрт оқиғасы тіркелді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да екі күнде жеті рет жер үйден өрт шыққан
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Барлық жағдайға өрт қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарау себеп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

18 қарашада Глубокое ауданының Быструха ауылында Достық көшесіндегі жер үй ауласында шаруашылық құрылыстардың ағаш конструкциялары өртеніп, жалын көрші моншаның төбесін де шарпыды. Өрттің себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Дәл осындай қателіктің салдарынан Өскемендегі Ключевая көшесінде де өрт шықты. Жеке тұрғын үйде шатырдың, төбенің ағаш конструкциялары, 50 шаршы метр аумақтағы жеке заттар өртенді.

Сол күні Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылының Береговая көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында монша шатырының ағаш конструкциялары, ішінара жазғы ас үйдің шатыры өртенді. Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтады. Өрттің алдын ала себебі - пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

19 қарашада Глубокое ауданының Веселовка ауылында жеке тұрғын үйдің іргелес аумағында 6 тонна шөп өртенді. Оған отты абайсыз пайдалану себеп.

Облыс орталығында "Металлург-2" саяжай қоғамының аумағында жалпы ауданы 35 ш.м. шаруашылық құрылысының шатыры жанып кетті. Өрттің себебі – электр желісін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Ұлан ауданында Желдіөзек ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында 1 тонна шөп өртенді. Оған да абайсыздық себеп болып отыр.

Сондай-ақ, Тавричное ауылының Кооперативная көшесіндегі үйдің төбесінде өрт шықты.

Следующая →