Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктер "Ұлттық ойындар" челленджіне атсалысты

Оқу-ағарту министрлігі 17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезетте ұлттық ойындар челленджі өтеді деп жариялаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер "Ұлттық ойындар" челленджіне атсалысты
Фото:
Устинка LIVE / автордікі

Челленджге Өскемен қаласының мектептері ғана емес, О. Бөкей атындағы қалалық кітапханасы да өз үлесін қосты, деп хабарлайды Устинка LIVE.

imgonline-com-ua-Resize-6FOO6VWscaP.jpg

Кітапхана ата-бабадан жеткен асыл мирасымызды кеңінен насихаттап, жастарға үйрету мақсатында заманауи технологиямен үйлестірген. Ол ұлттық ойынға деген балалардың қызығушылығын одан әрі арттыра түскендей.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған челленджге Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы орталық кітапхана да атсалысуда. Кітапханаға келген оқушылар үшін асық, бес тас, тоғызқұмалақ ойнайтын алаңдар ұйымдастырылды. Бұл жерде балалар ұлттық ойындарды үйреніп, бір-бірімен жарыса ойнауда. Қазақтың ұлттық ойындары баланың жан-жақты дамуына үлесі зор. Сондықтан да ұлттық ойындарды насихаттау маңызды, - дейді Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмаз Нұрғалиев.

Асықты қолға ұстап ойнаудан бөлек, келушілер VR дулығамен виртуалды әлемде де асық ойнап көрді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері ұялы телефондағы қосымшада асық ойнауды үйретіп, 3D принтермен асық жасауды көрсетті.

imgonline-com-ua-Resize-7t63U1gAWaa5vL.jpg

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыз төрт түліктің ет-сүтін тағам етіп пайдаланса, тері-жүнін киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттарға пайдаланған. Сондай-ақ, сүйегін де текке тастамай, балаларына ойыншық ретінде қолданған. Мәселен, асық ойыны, "Ақсүйек" ойындарын айтуға болады, - дейді кітапхана қызметкері Айдариға Әшірәп. - Одан өзге, балаға табиғатты сезіндіру мақсатында топырағын бұрқылдатып "бес тас" ойнатқан. Медицина мамандары құмда ойнаған баланың денсаулығы жақсы болады деп айтып жатады ғой. Далада жерде жалаңаяқ отырып "бес тас" ойнау балалаға өте пайдалы екенін қазақ баяғыда дәлелдеп кеткен. Оның үстіне, саусақ моторикасын дамытады. Мәселен, "бес тас" ойыны бірнеше кезеңдерден тұрады. Әр кезең баланың бойындағы икемділік, шапшаңдық және тез ойлау қабілеттерін дамыта түседі.

Қаланың баласы бұндай ойындардың бар екенін де біле бермейді. Ата-аналар үйде ұялы телефонға үңіліп отырған баласына осы шығынсыз, бірақ пайдасы зор қарапайым ойындарды үйретіп қойса, пайдасы тимесе, зияны болмас.

imgonline-com-ua-Resize-pswGZPW8Ua.jpg

Кітапхананың №12 бөлімінде "бестасты" үйретемін. Балалардың қызығушылығы жоғары. Даладан тас жинап, отыра қалып ойнап жүргендерін көріп жүрмін. Жалпы, ұлттық ойындарды мектеп жүйесіне енгізу қажет деп ойлаймын. Мысалы, дене шынықтыру сабағында асық, бестас ойнатса, жаман болмас еді. Балалар ерте жастан ұлттық ойындарды біліп өсер еді, - дейді Айдариға Әшірап.

Следующая →