Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменге әскери борышын өтеуге 100-ге жуық жас сарбаз келді

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөліміне келген жас сарбаздардың алғашқы легі Алматы облысы мен Алматы қаласынан шақыртылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге әскери борышын өтеуге 100-ге жуық жас сарбаз келді
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Әскер қатарына жаңадан келген сарбаздарды жауынгерлік өмірге бейімдеу қажет. Ол үшін әскери психолог мамандар әскерге келген әр сарбазбен жеке әңгімелесулер жүргізіп, жан – жақты зерделеп, әрі қарай әскери өмірдің қыр–сырын үйрету мақсатында взвод командирлеріне табыстайды.

Еліміздің бес облысынан әскери бөлімге келетін 2-2023 жылғы шақырылым сарбаздарының саны екі жүзден астам болады. Жас толымның алғашқы легін теміржол вокзалынан әуелеген оркестр әуенімен қарсы алдық. Жас толықтырушыларды әскери бөлім басшылығы, оқу пунктінің әкімшілігі салтанаты түрде күтіп алды. Оларға әскери бөлім алдында қойылған міндеттері жеткізіліп, бөлім тарихы мазмұнды түрде баян етілді, - дейді №5518 әскери бөлім командирының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Серік Ноғаев.

imgonline-com-ua-Resize-O6CBUfwupJ.jpg

Сарбаздарды зерделеу кезінде басты назар білім деңгейіне, мамандығының бар болуына, іскерлік және сипаттамалық қасиеттеріне аударылады. Жоспарға сәйкес,жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтеді. Жас толым үшін Отан алдындағы борышты өтеу – алға қойған алғышарттардың бірі.

Мен әскерге өз еркіммен келдім. Отан алдындағы борыш өтеу барысында ең маңызды қасиеттер олар төзімділік, тәрбие және де адалдық,- дейді қатардағы жауынгер Ерасыл Молдахметов.

Әскери борыштарын өтеуге келген сарбаздар алдағы бір жыл қызметтері барысында нағыз шыңдалған ер азамат болып шығатындарына сенімді. Ол үшін алдағы бір жыл ішінде тынбай тер төгіп, толықтай әскери өмірді бастан өткеру тиіс. Айта кетейік, жас сарбаздардың салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі желтосқан айының соңына жоспарланған.

Следующая →