Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қызылшамен ауырғандар саны артуда

Ағымдағы жылдың 15 қарашасындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 74 расталған қызылша жағдайы тіркелді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қызылшамен ауырғандар саны артуда
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Науқастардың 83,8%-ын 14 жасқа дейінгі балалар, 14,9%-ын ересектер және 1,3%-ын жасөспірімдер құрайды. Егілмеген адамдардың арасында 60-қа жуық оқиға тіркелді, - деді Сәуле Слямгазина.

Оның айтуынша, ошақтардағы эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 3205 адам медициналық бақылауға алынды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 2769 бала. Барлық байланыста болғандар 21 күн ішінде медициналық бақылауда болады.

Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздің балаларыңыз бен жақындарыңыз қызылшаға қарсы егілмесе, онда оларға шұғыл екпе салу қажет. Қызылшаға қарсы иммундау - бұл инфекцияның алдын алудағы тиімді шара екенін есте сақтаңыз. Бұл ауруға қарсы арнайы ем жоқ екені белгілі, - деп атап өтті спикер. - 6 қарашадан бастап 6 айдан 11 айға дейінгі сәбилерді қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) басталды, желтоқсаннан бастап қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жас аралығындағы балаларға екпе салатын боламыз, - деп атап өтті спикер.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Қызылша ШҚО СЭБД