ШҚО онкологтары тегін қабылдау жүргізеді
Өскеменде өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау және алдын алу үшін ашық есік күніне шақырады
Ашық есік күні 25 қарашада ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстың онкологтары тұрғындарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.
Бұл күні орталықтың торакальды онколог дәрігерлерінен кеңес алып, тексеруден өтуге мүмкіндік болады. Ол үшін өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болғаны жеткілікті. Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.
ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі. Анықтама телефондары: +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.