Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейіп келеді

Өскеменде О. Бөкей атындағы қалалық кітапхананың қазақ тілін үйрететін "Кел, сөйлесейік!" клубына волонтерлер керек

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейіп келеді
Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан

Өңір бойынша қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейіп келеді. Соған орай О. Бөкей атындағы кітапханада былтырдан бастап "Кел, сөйлесейік!" клубы жұмыс істеп тұр.

Бұл клубтың мақсаты - адамдарды күнделікті тұрмыста қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету. Бүгінде тілді меңгеру үшін руханият ошағының қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан филиалдарына келіп жүргендер аз емес.

Адамға тілді тезірек үйрету үшін әлемдік практикада түрлі тәсілдер қолданылып жатады. Оның бірі – сол тілде сөйлейтін еріктілерді тартып, жаңадан үйреніп жатқандармен әңгімелестіру. Бұл жерде ерікті болғысы келетін адамның тіл маманы болуы шарт емес. Тек осында келіп, қазақша сөйлесіп отырса болды, - дейді кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.

Айта кетейік, үйірме 14 түрлі мекенжайда өтеді. Бір сабағы 1 сағатқа созылады. 

Тіл үйірмелері мына мекенжайларда бар:

  • Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский, 22) дүйсенбі, бейсенбі күндері 18.30-да басталады;
  • Орталық балалар кітапханасы (М. Горький к-сі, 54) сәрсенбіде 18.00, сенбіде 16.00-де;
  • №1 кітапхана (Сәтбаев даңғылы, 14) жұма күні 11.00 (Ересек топ), сенбіде 9.00 (Балалар тобы);
  • №2 кітапхана (Гагарин бульвары, 24) сейсенбіде 9.00, бейсенбіде 11.00-де;
  • №6 кітапхана (Аблакетка, Островский көшесі, 8) сәрсенбіде 17.00-де;
  • №7 кітапхана (Прохладное, Бажов к-сі 343/3) сенбіде 16.00 (Балалар тобы), 17.00 (Ересектер тобы)
  • №8 кітапхана (Согра, Егорова к-сі, 12) жұма күні 10.00-де;
  • №10 кітапхана (Меновное, Горький к-сі, 11а) бейсенбіде 12.00-де;
  • №11 кітапхана (Защита, Косорев к-сі, 32) сенбіде 14.00-де;
  • Альшемали сауда үйі (Мызы к-сі 16/11, 4 қабат) дүйсенбіде 17.30, сәрсенбіде 08.00,     
  • Машиностроители к-сі, 4 бейсенбіде 09.00-де;
  • Эмиль, Протозанов к-сі, 5 сәрсенбіде 08.00-де.
  • Промышленная, 2 (ТЭЦ), сейсенбіде 11.00-де.

Следующая →