Өскемен
ясно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
479.05
534.57
¥
67.92
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да аурудан қырылған мал қорымдары тұрғын үйлер мен мектепке тым жақын орналасқан

ШҚО-да қараталақ пен топалаңнан қырылған малды көму орындарында санитарлық нормалар қатаң бұзылғаны анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да аурудан қырылған мал қорымдары тұрғын үйлер мен мектепке тым жақын орналасқан
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген мониторинг барысында облыс аумағындағы 101 сібір жарасынан өлкен мал көмілген орындардың 95-сінде санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Оның ішінде 19 көму орындары тұрғын үйлерге жақын орналасқан.

Жергілікті атқарушы органдар мал қорымдарын санитарлық-қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерінің көбі ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін (жайылымдар, шабындықтар) берілген, - деп мәлімдеді ШҚО СЭБД баспасөз қызметі. - Мысалы, Тарбағатай ауданында мал қорымынан 250 метр қашықтықта тұрғын үй орналасқан. Сондай-ақ, Күршім ауданында мал қорымынан 650 метр қашықтықта орта мектеп бар екенін атап өткен жөн.

Бұл ретте айта кеткен жөн, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша қараталақ пен топалаңнан қырылған мал қорымдары қауіптіліктің I класты объектілеріне жатады, санитариялық-қорғау аймағы кемінде 1000 м болуы тиіс.

Сондай-ақ, Күршім ауданында 8 мал қорымының қоршаулары ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 30-1-тармағының бөлігіне, яғни "сібір жарасынан өлген жануарлардың мәйіттері көмілген жерлер биіктігі кемінде 1,5 метр, адамдар мен жануарлардың кіруіне жол бермейтін қоршаумен (металл немесе бетон) қоршалуы тиіс және белгі түрінде – "сібір жарасы" (аурудың пайда болу күнімен) белгісі болуы тисі" деген талаптарға сәйкес келмейді, - деп қосты баспасөз қызметі. - Ал Өскемен қаласындағы кейбір сібір жарасы көмілген жерлерде қоршаулар мүлдем орнатылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша департамент уәкілетті мемлекеттік органдарға қорымдарда анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар берді.

Бұл мәселе департаменттің тұрақты бақылауында.

Следующая →