Өскеменде жәрмеңке базарынан аялдамаға дейін шағын автобус қатынайтын болады
Осы сенбідегі жәрмеңкеге Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер келеді
Ағымдағы жылдың 28 қазанынан бастап ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Сәтбаев даңғылы, 39 бойынша "ТНП" ЖШС аумағына көшірілген болатын, деп еске салады Устинка LIVE тілшісі.
Кезекті жәрмеңке демалыс күндері (сенбі және жексенбі) "ТНП" СҮ аумағында Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен өтеді, - деп хабарлайды Өскемен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі. - Қала тұрғындарының тауарларды тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.
Осы орайда айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Спорт кешені" аялдамасынан жәрмеңке орнына дейін (интервалы 15 минуттан) шағын автобус ұйымдастырылды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.