Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қалқаман Сарин Өскемендегі қызметінен кетті

Ақын Қалқаман Сарин Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы қызметінен өз еркімен кетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Қалқаман Сарин Өскемендегі қызметінен кетті
Фото:
instagram/kalkamansarin_

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өткенге сәл шегініс жасасам, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік қызметте болдым. Төрт жылдан астам уақыт. Мен мемлекеттік қызметке келгенде қолдағандар да, қолдамағандар да болды, - деп жазды ақын. - Қолдағандар, "қырықтан асқан кезің, ел ісіне араласар шағың, өңірлік мәдениеттің дамуына үлес қосам деген ойың дұрыс" деді. Қолдамағандар, "есіміңді елге танытқан өлең деген өнермен қош айтыса бер, біліктің сөзін сөйлеп кетесің, биігіңнен құлайсың" деп қорқытты. Екі пікірді де ескердік. Қабылдадық. Сенім артып, жауапкершілік жүктеген жандардың аманатын орындасақ деген үмітпен қызметке кірістік.

Ол қала әкімі Жақсылық Омар бастаған кілең жастан құрылған ұжым мемлекеттік қызметте бір күндік тәжірибесі жоқ өзін қолдағанын айтады.

Мемелекеттік қызмет деген - жұмсақ көлік мініп ап, жылы кабинетке кіріп ап, жаға-жеңіңді кірлетпей, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүру емес. Қандай жағдай болса да елмен бірге болу. Елге қызмет ету деп ұқтым, - дейді Қалқаман Сарин. - Өңірге келгенде, шығармашылық ортаға күдіксіз сенгенімді жасырмаймын. Себебі ол ортаның көбін бұрыннан танитын едім. "Балықтың тілін бақа түсінеді" дегендей басқа басқа осы ортамен бірден біте қайнасып кететініме күмәнім болмады. Бұл азаматтардың облыстағы, қаладағы мәдениет, әдебиет - тұтас руханият саласын дамытуда атқарған ісі орасан зор.

Ақынның ойынша, ұлттық мәселеге келгенде шығыста атқарылған шаруадан гөрі атқарылуы тиіс шаруа шаш етектен.

Мемлекет саясатын жүзеге асыруда, ұлттық идеологияның негізгі құндылықтарына қызмет етуде қолымнан келгенше өз үлесімді қостым. Мемлекеттік қызметтің мән-жайын ұқтырған, мықты мамандармен әріптес қылған, жаңа достармен табыстырған, өзгеше табиғатымен тамсандырған, өлең жаздырған - Өскеменіме "қош" дедім! - деп түйіндеді жазбасын Қалқаман Сарин.

Следующая →