Өскемен
облачно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +25°
$
448.01
+0.93
486.81
+2.40
¥
61.89
+0.19
5.05
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі Алтай өлкесінің губернаторымен кездесті

Қазақстан мен Ресейдің 19-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Ермек Көшербаев пен Виктор Томенкомен екіжақты кездесу өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі  Алтай өлкесінің губернаторымен кездесті
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Тараптап сауда серіктестігі, туризмді дамыту, бал өңдеу және марал шаруашылығы мәселелерін қозғады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Алтай өлкесімен тығыз экономикалық байланыстардан бөлек, бізді халықтарымыз арасындағы өзара әрекеттестіктің ғасырлық тарихына негізделген туыстық байланыстар, мәдени байланыстар біріктіреді. Бұл - одан арғы қарым-қатынастарымызды құру барысында біз сүйене алатын құнды ресурс және әлеует, - деді Ермек Көшербаев.

Алтай өлкесі Шығыс Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады, ағымдағы жылдың 8 айындағы өзара сауда 927 миллион АҚШ долларын құрады. ШҚО әкімінің айтуынша, сауда-көрме шаралары өңіраралық ынтымақтастықты айтарлықтай жандандыра алады. Бұл - қазақстандық өндірушілер үшін ресейліктерді өз өнімдерімен таныстыруға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге жақсы мүмкіндік. Екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың дәстүрлі бағыттарының бірі мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл болып табылады. Алтай өңірінде 8 мыңнан астам жерлесіміз тұрады. Маңызды шаралардың бірі - жыл сайын өткізілетін "Біздің ортақ үйіміз – Алтай" - Үйлестіру кеңесі. Сондай-ақ, соңғы жылдары Лондонда, Қазанда өткен және Анкарада жоспарланған "Ұлы дала алтыны" халықаралық жобасы табысты іске асырылуда.

Тараптар туризмді дамыту, бал өңдеу және марал шаруашылығы мәселелерін де қозғады.

Алтай аймағының губернаторы ШҚО басшылығына одан арғы ынтымақтастыққа шақырғаны үшін алғыс айтты. Виктор Томенконың айтуынша, біздің өңірлер арасында прагматикалық экономикалық ынтымақтастық қана емес, сондай-ақ шын мәнінде бауырластық тату көршілік қарым-қатынастар да бар. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іске асыру үшін қажетті бірқатар нақты жобаларды дайындауға келісті.

Следующая →