ШҚО-да дезинсекция құралдарынан уланудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Елімізде жыл сайын дезинсекция құралдарымен улану жағдайлары тіркеледі
Алайда ШҚО-да соңғы 5 жылда бұндай оқиғалар болмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД ақпаратына сүйеніп.
Тіпті дезинсекция құралдарымен уланудың соңы қайғылы жағдайлармен аяқталатынын да көріп жүрміз. Көбінесе мұндай жағдайлар дезинсекция және дератизация құралдарын дұрыс пайдалана білмейтін пәтер иелерінің өңдеуді өз бетінше жүргізуінің салдарынан орын алады.
Сондай-ақ, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсететін ұйым мамандарының немқұрайлылығына, біліктілігінің төмендігіне де байланысты болады. Ал мамандандырылған ұйымдардың штатында кәсіби даярлықтан өткен мамандар болуы тиіс, - деді ШҚО СЭБД басшысы Қанат Тұрдиев.
Аймақ бойынша аумақтық басқармалар ұсынған мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда улану жағдайлары тіркелген жоқ. Алайда мұндай жағдайлардың пайда болу қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет ұзақ уақыт бойы лицензиялауға жатпады. Сонымен қатар, осы қызметтерді көрсететін мекемелер өз қызметін хабарлама жасау тәртібі бойынша жүзеге асыра отырып, ұзақ уақыт бойы эпидемиялық маңызы шамалы объектілер тізбесінде болды, - деп қосты спикер.
Осы салада маманданған "Геро" ЖШС директоры қйым құрылтай құжаттары, ҚР ДСМ бұйрықтары негізінде профилактикалық дезинфекция бойынша іс-шаралар жүргізіп жатқанын айтты.
Дезинфекторлар санитариялық талаптарды, экологиялық қауіпсіздік шараларын, объектінің ерекшелігін ескере отырып, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Әр дезинфекциялаушыда инсектицидтерді қолдану, жұмыс ерітінділерін дайындау туралы жадынама бар, - деді Римма Рахимова.
Сондай-ақ, ол әр 5 жыл сайын зертханашылар, дезинфекторлар Өскемен медициналық колледжінің базасында біліктілікті арттыру бойынша арнайы дайындықтан өтетінін айтты.