Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО драма театрында Рүстем Есдәулетовтің шығармашылық апталығы өтеді

Бір апта бойы театрда Рүстем Есдәулет сахналаған қойылымдар көрсетіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО драма театрында Рүстем Есдәулетовтің шығармашылық апталығы өтеді
Фото:
ШҚО драма театры

Қойылымдардың алдында театр фойесінде Рүстем Есдәулетовтің марапаттары, фотосуреттері орналастырылған көрме ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Драма театры ақпаратына сүйеніп.

Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетовтің шығармашылық апталығы 15-18 қарашаға жоспарланған.

- 15 қараша 19.00-де 2006 жылы Ыстықкөл ортаазиялық фестивалінің "Үздік психологиялық спектакль" және "Ең үздік заманауи тақырыпқа интерпретация" номинациялары бойынша лауреат атанған Ж. Өзубекованың "Толғақ" психологиялық драмасы;

- 16 қараша 19.00-де Қанат Жүнісовтің "Ғашықтар хикаясы немесе общагадағы серілер" музыкалық комедиясы;

- 17 қараша 19.00-де Түркияның Конья қаласында өткен "Мың тыныс және бір дауыс" халықаралық түркі тілдес театрлар фестивалінде көрсетіліп, театр сыншыларының оң бағасын алған, кейін Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында өткен түркітілдес театрлардың "Туғанлық" халықаралық театр фестивалінде "Ұлттық классиканың бірегей және көркем шешімі" номинациясын, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен "Наурыз" фестивалінде көрсетіліп, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген Абайдың "Атымды адам қойған соң" эксперименттік қойылымы;

- 18 қараша 12.00-де "Ұр тоқпақ" ертегісі патша көңіл көрермен назарына ұсынылады.

Следующая →