ШҚО-да "Зымыран-2023" оқу-жаттығуы басталды
2-3 қарашада өңірде "Зымыран-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді
Жаттығу барысында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығышты ұшыру кезіндегі авариялармен байланысты ТЖ жоюға дайындық деңгейі анықталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
"Зымыран-2023" оқу-жаттығуы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кіріспе пысықталады. Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында азаматтық қорғаудың 15 қызметі жоғары дайындыққа келтірілді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар екі күн қатарынан шынайы уақыт режимінде төтенше оқиға кезіндегі іс-қимыл алгоритмін пысықтайтын болады.
Екінші кезеңде оқу жаттығу орындарында авариялық-құтқару оқу-жаттығуларды тәжірибелік пысықтауды ұйымдастырады.