ШҚО-да ауыл тұрғыны елікті атып өлтірген
Табиғатқа келтірілген залал 2,4 млн теңгеден асады
Полиция қызметкерлері күдіктіні Алтай қаласының шыға берісінен ұстаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Браконьер" жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында Алтай қаласының шыға берісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатқан, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - 66 жастағы ер адамның көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша, еліктің етін байқаған.
Табиғатқа келтірілген залал 2,4 млн теңгеден асады.
Сонымен қатар, күдіктінің көлігінен ТОЗ мылтығы тәркіленген.
ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.