Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қызылшамен ауырған 48 науқас тіркелді

Олардың көбі вакцинацияланбаған және 14 жасқа дейінгі балалар

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қызылшамен ауырған 48 науқас тіркелді
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Науқастардың негізгі үлесі 85,4% – 14 жасқа дейінгі балалар (41 жағдай), 12,5% – ересектер (6 жағдай) және 2,1% - жасөспірімдер (1 жағдай) құрайды. Науқастар Глубокое, Зайсан, Ұлан аудандарында, Өскемен қаласында және Самар ауданында тіркелді, - деді Сәуле Сләмғазина.

Аймақта қызылша негізінен вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркелуде. 48 жағдайдың 46-сы осы санатқа жатады.

Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 1006 адам медициналық бақылауға алынды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 330-і бала. Ауруға шалдықпас үшін қызылшаға қарсы вакцинация салдыру қажет. Вакцинация ауруға қарсы иммунитетті қалыптастырады. Вакцинацияланбаған адамдарға қызылшамен ауырған жағдайда және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда науқаспен байланыста болғаннан кейін 72 сағат ішінде вакцинация жүргізу ұсынылады, - деп атап өтті спикер.

Облыстың бас штаттан тыс иммунологы Иван Мещеряковтың айтуынша, бүгінгі таңда облыс қоймасында вакцинаның 24 мың дозасы бар. Балалар арасында сырқаттанушылықтың өсуі кезінде ана мен бала орталығының базасында арнайы палаталарға орналастыруға мүмкіндік бар.

Облыстың бас педиатры Гүл Құсайынова қызылшаның жеңіл түрі дене температурасының 2-3 күн ішінде 38 градусқа дейін көтерілуімен, жеңіл жөтел арқылы сипатталатынын айтты.

Орташа ауыр түрі кезінде жалпы интоксикация белгілері, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының катаральды құбылыстары және конъюнктивит болады. Барлық науқастарда Бельский-Филатов-Коплик дақтары анықталады. Ауыр түрінде 40 градусқа дейін гипертермия, сананың бұзылуы мен жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады. Бельский-Филатов-Коплик дақтары барлық науқастарда кездеседі, - деді ол.


Следующая →