ШҚО-дағы кей жол учаскелерінде тіркемесі бар көліктердің жүруіне тыйым салынды
Шектеу қысқы кезеңде уақытша енгізіліп отырғанын ескерген жөн
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" ШҚО филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2023 жылдың 30 қазаннан бастап 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындареспубликалық маңызы бар "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнарлары" автожолының 46-66 шақырымындағы "Осинов асуы" учаскесінде тау жағдайлары ауырлығы мен техникалық параметрлеріне байланысты тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік құралдары қозғалысының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен (шекті рұқсат етілген нормалардан асатын еңістері бар қисықтардың шағын радиусы) "тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады" уақытша шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, республикалық маңызы бар "Өскемен - Риддер - РФ шекарасы" автожолында 94-104 км учаскесі тәуліктің түнгі уақытында сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін "тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады" уақытша шектеу енгізіледі.
Автожолдың жоғарыда аталған учаскелерінде уақытша шектеулер қысқы кезең аяқталғанға дейін күшінде болады.