Сарбаздар енді әскери борышын үй жағында өтей алады
Барша ата-ананы "баласының Отан алдындағы борышын туып-өскен аумағында өтеуіне бола ма?" деген сауал алаңдатады
Мерзімді әскери қызметшіні жасақтау ҚР Қорғаныс күштері мен өзге де әскери құрылымдарда экстерриториалдық принциптер бойынша жүзеге асуда, деп хабарлайды "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Яғни, жеке құрамды өзі тұратын елді мекендегі әскери бөлімдер мен құрылымдардан өзге аумақта іріктеледі.
Бірақ биыл қараша айынан желтоқсан айы аралығы және тек Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының экстерриториалдық мүдделері өз облысының құзіретінде болады. Мысалы, Семей қаласынан шақырылатын болашақ сарбаз Өскемен және Павлодар қалаларында әскери борышын өтеуіне болады. Дәл солай Павлодар, Өскемен қалаларынан шақырылғандар Семейде 1 жылдық әскери міндетін атқаруға мүмкіндігі бар. Яғни, тек Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады.
ҚР Ұлттық ұланы сапына әскерге шақырылу бойынша барлық сұрақтардың жауабын 8-777-541-72-13 нөмірі арқылы білуге болады.