Алматы тұрғыны ШҚО-ға келіп кәсіпкерді бопсалаған
Ол кәсіпкерге күш көрсете отырып, оның жер телімін өз атына аударып алған
Оған облыс орталығының тұрғыны көмектескен көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілген.
ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ШҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, Алматы қаласының 57 жастағы тұрғыны өзінің қылмыстық ниетімен облыс орталығына келіп, жергілікті тұрғынмен сөз байласып, жәбірленушіге және оның отбасына күш қолданамын деп қорқытып, оған тиесілі жер телімін өз пайдасына қайта ресімдеуге мәжбүрлегенін анықтаған.
Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де ұсталды, олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тиісті заңды құжаттар тәркіленді. Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.
Әрі қарайғы тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.