Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қоғамдық көлікте кімдер тегін жүре алады?

Елімізде белгілі бір санаттағы адамдар қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы

Усть-Каменогорск и ВКО / Қоғамдық көлікте кімдер тегін жүре алады?
Фото:
"Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС

Ол үшін арнайы жеңілдік карталарын алу қажет, деп еске салады Устинка LIVE тілшісі.

"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ "I және II дәрежелі Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар және 1-топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге құқығы бар.

Жеңілдікті көлік картасын алу үшін өтініш жазу, жеке басын куәландыратын құжатты және жеңілдікке құқығын растайтын құжатты, сондай-ақ 3х4 немесе 4х5 (тиісті жастағы)форматтағы фотосуретті ұсыну қажет, - деп ескертеді "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС басшылығы.

Жеңілдік карталарын төмендегі мекенжайлар бойынша алуға болады:

1. ЦТУ филиалы 1-Сәтпаев даңғылы, 36 2. ЦТУ филиалы 2-Челюскин көшесі, 17/1 3. ЦТУ филиалы 3-Чехов көшесі, 68 4. ЦТУ филиалы 4-Буров көшесі, 24 5. ЦТУ филиалы 5-Менделеев көшесі, 4 6. ЦТУ филиалы 6-Атлантическая көшесі, 38 7. ЦТУ филиалы 7-Добролюбов көшесі, 25 8. ЦТУ филиалы 8-Б. Гагарин, 20 9. ЦТУ филиалы 9-Октябрьская көшесі, 123 10. ЦТУ филиалы 10 - Бажов көшесі, 546 11. ЦТУ филиалы 11-Меновное кенті. Горький көшесі, 11а 12. Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы - Шәкәрім даңғылы, 149/10

Картаны жасау процесі бес жұмыс күніне дейін созылады, оны өтініш жазылған жерден алу керек, - делінген хабарламада. - Жеңілдік картасы туралы қосымша сұрақтарды Call-орталыққа 70-09-07 (ішкі 105) немесе 8-708-470-07-31 нөмірі бойынша қоюға болады.

Следующая →