Өскеменде Самар ауданының күндері өтеді
Ертең облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары Самар ауданының мәдени және спорттық шараларына қатыса алады
Бұл жолы "Туған жер - алтын бесігім" жобасы аясында Өскемен Самар ауданының мәдени күні өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
28 қазан күні Сәтпаев, 39 мекенжайында орналасқан "ТНП" сауда орталығы алаңында сағат 07.00-12.00 аралығында Самар ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, халыққа палау, ыстық шай, бауырсақ таратылады. Үлкен киіз үйдің ішінде әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерінің көрмесі өтеді. Спорттық ойындар (қол күресі, қой, ұн және бал көтеру) ұйымдастырылмақ.
Ал Жекпе-жек сарайында сағат 10.00-де Самар ауданы әкімінің жүлдесі үшін ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтеді.
Кешкі сағат 17.00-де "Ертіс-концерт" ғимаратының фойесінде ұлттық тағамдар көрмесі, қолөнер бұйымдары, кітаптар көрмесі, ауыл тақырыбынадағы фотоаймақ, Самар ауданының қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары өтеді.
Ары қарай сағат 17.30-де Самар ауданы өнерпаздарының "Самарым" гала-концертін тамашалай аласыздар.