Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық мереке қарсаңында ШҚО-да бірнеше әскери қызметші марапатқа ие болды

25 қазан - Республика күніне орай Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында мерекелік шара өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық мереке қарсаңында ШҚО-да бірнеше әскери қызметші марапатқа ие болды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы

Салтанатты шараға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №№5518, 3477, 6699 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Ұлттық мерекенің ұлықталуы - Ұлттық ұланның айбынын асқақтатып, жеке құрам күш-жігерінің артуына айрықша серпін бермек. Себебі отансүйгіш жауынгер үшін қайта жаңғырған бұл мейрамның маңызы мен мәні тым тереңде жатыр. Бабалардан қалған асыл аманатымызды қызғыш құстай қорып өту - ұлтын сүйер ұландықтар еншісінде. Отанымыздың қауіпсіздігін жанқиярлықпен қорғауда әскери қызметшілердің ерлігі орасан зор. Себебі жауынгерлер ел тыныштығын күзетуді - отансүйгіштіктің нағыз айнымас белгісіне балайды, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев.

Мерейлі мереке аясында жауапты қызметтің жүгін арқалағандарға құрмет көрсетілді. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың бұйрығымен бірқатар әскери қызметшілер марапатталды. Сондай-ақ, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генарал-майор Рүстем Ақбалиннің мадақтау қағазы мен төс белгісіне жауынгерлік әзірлікті сақтаудағы көрсеткіштері жоғары әскери қызметшілер ие болды.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында ұлттық мерекенің аталып жатқандығы мен үшін зор қуаныш. Себебі мерзімді әскери қызметті өткеруші бойында отансүйгіштік қасиет болуы қажет. Ал маңызы зор ұлттық мерекелер қатардағы жауынгерлердің абыройын асырып, жауынгерлік рухын көтеруге серпін бермек, - дейді "Жас сарбаз" ұйымының қатысушысы Гүлім Асқарова.

Ел тыныштығын күзетуде қырағылық танытқан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы жауынгерлік әзірлік пен кәсіби шеберліктерін үнемі арттырып келеді. Сан салалы даму мен жетілу сатыларынан сүрінбей өткен ішкі әскер жұрт басына төнген кез келген қауіп-қатерге қарсы тұрып, аянбай әрекет етуге әзір.

Тәрбиелік мәні зор кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Следующая →