Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +23°
$
478.96
-1.67
533.03
-2.10
¥
67.62
-0.14
5.22
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да Республика күніне орай 300-ден астам іс-шара өтеді

Бұл күні әр өңірде әлеуметтік, қайырымдылық және экологиялық акциялар ұйымдастырылады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да Республика күніне орай 300-ден астам іс-шара өтеді
Фото:
Устинка LIVE

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтеді. Осыған орай ШҚО-да 300-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Білім және мәдениет ұйымдарында Республика күніне арналған көрмелер, дәрістер, сынып сағаттары өтпек, - деді ШҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Серік Жеңісов. - 21-28 қазан аралығында "Ертіс концерт" ғимаратында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін "Ұлы дала алтыны" көрмесі, кілем тоқу шеберлері және "Абай әлемі" кітап көрмесі ашылды. Сонымен қатар, мереке күні облыстың киелі орындарының бірі - мемлекеттік рәміздер тауына шығу бірегей шарасы өтпек. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Сонымен қатар, өңірде бірқатар әлеуметтік нысандарды ашу жоспарлануда. Өскемен қаласында 150 орындық "Family Island-2" балабақшасы пайдалануға беріледі.

Зайсан ауданында Шілікті, Кеңсай, Дайыр ауылдарында күрделі жөндеуден кейін үш ауылдық дәрігерлік амбулатория, Дайыр ауылында "Шығыс мейірімі" оңалту орталығы, Жамбыл, Қайнар, Қуаныш ауылдарында күрделі жөндеуден кейін медициналық пунктілер, Көгедай ауылында шағын футбол алаңы ашылады, сондай-ақ Қайнар ауылында су құбыры іске қосылады, - деді спикер.

Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылында мәдениет үйінің аумағында субұрқақ, балалар ойын алаңы, аллея, Ақмектеп ауылында медициналық пункт салтанатты түрде ашылады, Ұлан ауданындағы Каменка, Алмасай, Казачье ауылдарында бірқатар спорт алаңдарын ашу жоспарлануда, ал Шемонаиха ауданында "Лесенка" балаларды дамыту орталығы ашылады.

Ал Өскемен қаласының әкімдігі ақпараты бойынша, Республика алаңында мерекелік шаралар өтеді. Сағат 09.30-дан 11.30-ға дейін "ЖАСА, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!" атты облыс, қала әртістерінің және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Сіздердің алдарыңызда "Алтай" халық би ансамблі, Эльдар Уадинов, "Нон-Стоп" дуэті, ДамирТөлеужанов, Радмир Тұрсынбеков, Нұргүл Қабдоллаева, Ұшқын тобы, Родион Немцев, "Vero" дуэті, Айдын Алдархан, Әсем Рыспаева, "Дольче" тобы, "ИНКОРО" тобы, "Іңкәр", сондай-ақ "Домино" жұлдызды ұжымы өнер көрсетеді.

Сағат 11.00-ден бастап "OSKEMEN RUN" - "Қазақстан" тауына жаппай жүгіру ұйымдастырылады.

Сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін қаланының шығармашылық ұжымдары мен "Qanay" қазақстандық эстрада жұлдызының қатысуымен кешкі концерт болады.

Следующая →