Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +27°
$
481.63
534.46
¥
67.92
5.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ТЖД-ға жаңа жедел-қызметтік автомобильдер берілді

ШҚО драма театрында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ТЖД-ға жаңа жедел-қызметтік автомобильдер берілді
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Алдымен көпшілік назарына ШҚО ТЖД техникасының көрмесі ұсынылды. ШҚО ТЖД қызметкерлері өңірдің қатал климатына тән төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қою үшін тартылатын жол талғамайтын және авариялық-құтқару автомобильдерін көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыстың өрт сөндірушілері мен құтқарушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметте ерекше көзге түскен Төтенше жағдайлар жүйесінің қызметкерлерін марапаттады. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметіне жаңа мамандандырылған және жедел-қызметтік автомобильдердің кілттерін табыс етті.

Уақыт азаматтық қорғау органдарының алдына барған сайын күрделі міндеттер қояды. Елдегі соңғы оқиғалар құтқарушылар, өрт сөндірушілер бейбіт уақыттағы батырлар екенін дәлелдеді. Олар өз өмірлеріне қауіпке тігіп, азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, Отанымыздың игілігі үшін қызметте амандық және табыс тілеймін, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің бұйрығымен атақтар берілді, ведомстволық наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды, ШҚО ТЖ департаменті бөлімшелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлері мен қызмет ардагерлері марапатталды. Сондай-ақ, төтенше жағдайларға тап болған азаматтарды құтқару кезінде батылдық көрсеткен облыс тұрғындары, азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосқан ұйымдар мен мекемелер атап өтілді.

ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысының маңыздылығына назар аударды.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері 2023 жылдың басынан бастап 3321 рет жедел шақыруға барды: 178 адам құтқарылды, 331 адам эвакуацияланды, 172 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Айта кету керек, ШҚО ТЖД қызметкерлерінің өрттің алдын алу бойынша жүргізіп жатқан кең ауқымды жұмысы тілсіз жаудың 10%-ға төмендеуіне әкелді, - деді ол.

ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев ТЖ қызметінің офицерлері және ардагерлерімен бірге қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандарды еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Следующая →