Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктер Республика күнін қалай атап өтеді?

Облыс орталығында Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар бүгіннен басталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер Республика күнін қалай атап өтеді?
Фото:
Устинка LIVE

Қайта жаңғырған Республика күні биыл елімізде екінші жыл тойланады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Былтыр мерекелер тізіміне енген бұл дата – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Биыл Республика күні сәрсенбіге түсіп тұр. Яғни 25 қазан күні қазақстандықтар демалады.

Ал өскемендіктер ұлттық мерекені бүгіннен бастап атап өтпек:

  • 17 қазан сағат 19.00-де "Quiz" зияткерлік ойыны ("SEREBRO" мейрамханасы)
  • 20 қазан сағат 15.00-де облыстық драма театрда танымал ғалым, қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназарұлымен кездесу.
  • Сағат 18.00-де "Қазақстанның Тарих толқынындағы үзіліссіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеті XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталарда" Қазақ хандығы карталарының көрмесі.
  • 21 қазан сағат 11.00-де "Oskemen TALKS" (спикерлер - филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ "Алаш" ҒЗИ директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы, "Asar Ume" қайырымдылық қорының менеджері Серік Қамбарбаев, фотограф, тревел-блогер Ержан Нурпейсов).
  • Сағат 16.00-де  "Ертіс концерт" залында "Айбынды хан батыры - Көкжал Барақ" республикалық ақындар айтысы.
  • 22 қазан сағат 17.00-де Б. Александров атындағы спорт сарайында "Торпедо" және "Құлагер" командалары арасындағы #RepublicDayKZ хоккей матчы өтеді.
  • 23 қазан сағат 11.00-де "Менің туым" автошеруі. Өтетін орны: Әуезов көшесі, 5 мекенжайынан, Тәуелсіздік монументіне дейін аралықты қамтиды.
  • 25 қазан сағат 11.00–де "OSKEMEN RUN" - "Қазақстан" тауына жаппай жүгіру. Тіркелу oskemenrun.kz сайты арқылы (сілтеме парақша профилінде).
  • Сағат 10.00-де орталық алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкесі; қала мейрамханаларының қатысуымен фудкорт; қала тұрғындарының арасында гір спорты, армрестлинг, штанганы көтеру бойынша жарыстар өтеді.
  • Сағат 11.00-де Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен "ЖАСА, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!" атты күндізгі концерттік бағдарлама. Күндіз қазақстандық танымал топтардың бірі "Домино" тобы өнер көрсетеді.
  • Сағат 18.00-дегі кешкі концертте қаланың шығармашылық ұжымдары және эстрада жұлдызы "Qanay" өнер көрсетеді.
  • Сағат 21.00-де отшашу болады.

Следующая →