Өскеменде ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті
Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Ерзат Сақабанов тағы да чемпион атанды
Онда 24 қатысушы арасында 12 жекпе-жек болды. Оның ішінде Қазақстан атынан өнер көрсеткен Ерзат Сақабанов пен Қырғызстаннан келген спортшы Руслан Кудайбердиев арасындағы кездесу тартысты өтті.
Екінші раундта техникалық нокаудпен сөзсіз жеңісті Ерзат Сақабанов иеленіп, 61 кг салмақ дәрежесінде 8:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кеткен жөн, Ерзат Сақабанов азаматтық қорғау жүйесінде қызмет етеді, Өскемен қаласының №9 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі. Кіші сержант тілсіз жаумен күресіп, адамдарға шұғыл жағдайда көмекке келіп те, спортта жаңа белестерді бағындырып та үлгеріп жүр.
Ол рингке үнемі ҚР ТЖМ туымен шығады және өзінің мамандығын мақтан тұтады.
Ерзат ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.